Миллиардер Әлішер Усманов 30 жыл тұрған әйелімен ажырасуға арыз берді
Кәсіпкер, "Металлоинвест" холдингінің иесі Әлішер Усманов әйелі Ирина Винермен ажырасу туралы сотқа шағым түсірді.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне бейсенбі күні Крылатское ауданының №205 сот учаскесінен хабарлады.
"Сотқа Әлішер Усмановтан Ирина Винер-Усмановамен ажырасу туралы талап арыз түсті", – деп хабарлады сот.
Ауданның бітімгершілік сотының судьясы өтінішті 7 маусым күні Мәскеу уақытымен сағат 12:00-ге қарауға шешім қабылдады.
Усманов пен Винер 1992 жылы үйленген. Олардың ажырасу себебі әзірге айтылмады.
Ирина Винер – бүкілресейлік көркем гимнастика федерациясының президенті.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар