Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында қазақстандық қос спортшы жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында жеңімпаз атанды. Ақтық сында 14,666 ұпай жинаған отандасымыз алтыннан алқа тақты. Күміс жүлдені Израиль спортшысы Александр Мякинин (14,433) иеленсе, қола медальды қытайлық Чени Се (14,300) жеңіп алды.
Бұған дейін Милад Әлем кубогында қола жүлде иеленген еді.
Сондай-ақ Нариман Құрбанов ат снаряды жаттығуында үздік үштікті түйіндеді. Финалда 14,233 ұпайды жинаған қазақстандық гимнаст қола жүлдені еншіледі.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді

