Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Саакашвилидің жағдайы нашарлап жансақтау бөліміне ауыстырылды

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили денсаулығы нашарлағанына байланысты реанимацияға ауыстырылды. Оның жағдайы ауыр, деп жазды 31 қаңтарда Украина жоғарғы радасының депутаты Елизавета Яско. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Саакашвили реаним

Саакашвилидің жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылғаны Грузияның "Мтавари" және "Формула" телеарналары мен "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" мүшесі Гиоргий Чаладзенің эфирінде айтылды. Саясаткердің ауруханаға ауысуы туралы ақпаратты оның адвокаты Шалва Хачапуридзе де растаған.

Дегенмен клиниканың директоры Нино Надирадзе ақпаратты растаған жоқ. "Саакашвилиді ауыстырған жоқ, ол палатада" деген ол Азаттық сайтының Грузин қызметіне.

Бірнеше күн бұрын Михаил Саакашвилиден коронавирус анықталған. Сол кезде клиника өкілдері ауру жеңіл өтіп жатқанын айтып, оны реанимацияға ауыстырудың қажеті жоқ деп мәлімдеген.

Қаңтар басында Грузия мен 20-дан астам елде Саакашвилиді қолдау акциялары өткен. Жиналғандар саясаткерді босатуды және оның Еуроодақта емделуіне рұқсат беруге үндеген. Кейбір белсенділер қазіргі билікті "Саакашвилиді өлтіріп тынбақшы" деп айыптайды.

Украина азаматтығы бар Грузияның бұрынғы президенті 2021 жылы күзде елге жасырын оралған соң қамауға алынған. Саакашвили шетелде жүрген кезде "билік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін" сырттай алты жылға бас бостандығынан айырылған. 

Талқылау