Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамхана қонақтары баяу қызмет көрсеткен даяршыны сабап тастады

Қытайдың Хунань провинциясында мейрамхана қонақтары тапсырыс дайын болғанға дейін шыдамдылық танытуды өтінген даяршыны соққының астына алды.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Тапсырысты күтуден шаршаған мейрамхана қонағы даяршының бетінен салып келген. Дәл сол сәтте бір әйел мейрамхана қызметкерінің шашын жұлып, басынан ұрған. Ер адам мен әйел даряшыны соққыға жығып жатқанда басқа да қонақтар үстел үстіндегі ыдыс-аяқтарды мейрамхана қызметкеріне лақтырған.

Мейрамханада даяршыға шабуыл жасаған бұзақыларды іздеумен полиция қызметкерлері айналысуда. Ал қонақтардан таяқ жеген әйел ешқандай ауыр жарақан алмаған.

Айта кетейік, 2016 жылы Американың Техас штатында мейрамханаға келушілер чипсы мен дәмдеуіш тұздыққа бола төбелес шығарған еді.Олар тапсырыс берген тағамның бағасына көңілі толмай мейрамхана қызметкерлерін соққыға жыққан.

Жіберіп алмаңыз:

Бірге диета ұстаған ерлі-зайыптылар ажырасып тынды

Жұмыссыз ер адам ұялшақтығының кесірінен түрмеге түсті

Метро пойызының астына түскен жігіт құтқарушыларға билеп берді (видео)

Ғалымдар: Шағымдар мен күйзелістер адамдарды жетістікке жеткізеді

Талқылау