Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз ер адам ұялшақтығының кесірінен түрмеге түсті

42 жастағы жұмыссыз ер адам ұялшақтығы үшін қамауға алынды. Ол мемлекеттік жұмыспен қамту орталығына бір күнде 159 рет телефон соғып, жұмыссыз екенін айта алмаған.

Бұл туралы SoraNews24 жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға Жапонияның Хигасимацусима қаласында болған.

Барлық 159 қоңырау бір күнде соғылған. Ер адам сағат 15:30-дан кешкі 17:00-ге дейін қоңырау шалған. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері телефон тұтқасын көтерсе, ер адам ештеңе айта алмаған.

Полицияның айтуынша, ер адам көрші қаладан хабарласқан. Тексеру барысында барлық қоңырау тек сол адамның телефонынан соғылғаны белгілі болды.

Қамауға алынған ер адам бірдеңе айтқысы келгенін, бірақ нақты жеткізе алмағанын түсіндірді.

Жапондық желі қолданушылары бұл оқиғаның себебі «ер адамның ұялшақтығында» деген баға берді.

Олардың бірі «Оның адамдармен сөйлескенде ақауы бар шығар» десе, бірі «Оны түрмеге жапқанның орнына психотерапевтке көрсету керек» деп жазған.

Тағы оқыңыз:

Метро пойызының астына түскен жігіт құтқарушыларға билеп берді (видео)

Айда ұялы байланыс пен ғаламтор желісі орнатылады

Бойы 84 сантиметр болатын қыз күйеу жігіт таба алмай жүр

Google өлімді болжайтын жасанды интеллект жасап жатыр

Ашуланған піл фермерді таптап өлтірді (видео)

 

Талқылау