Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойы 84 сантиметр болатын қыз күйеу жігіт таба алмай жүр

Бойы 84 сантиметр болатын үнді қызы өзіне сай күйеу таба алмай жүрмін деп шағымданды. Үндістан тұрғыны Сантош Кумаридің бойы аласа болғандықтан және ебедейсіз жүрісіне қарап бәрі кішкентай қыз деп ойлап қалады.

Бұл туралы Metro хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Үнді қызы ауыл арасында ең әдемі көйлек тігетін тігінші ретінде танылған. Қыздың айтуынша, осы күнге дейін ауыл тұрғындары оны аласа бойына бола кемсітпеген екен.

«Мені бәрі жақсы көреді. Тек бала келімде ғана қортық деп мазақтады, қазір ешкім олай атамайды»,-дейді қыз.

Бойының аласа болғанына қарамастан үй шаруасына пысық Сантош тек күйеу жігіт таба алмай жүргенін айтып, налыды.

«Менің қатарлас құрбыларым куйеуге шыққан немесе шығайын деп жатыр. Мен өз бақытымды табатыныма күмәнім бар»,-деді Сантош.

Қыз бойы аласа болғандықтан, тартымды көрінбеймін деп ойлайды. Оның үстіне 23 жастағы інісінің үйленіп, балалы болғанын көріп өзіне ондай бақыт бұйырмайды деп көңілі жабырқайды.

Сантош үш жасына дейін қалыпты бала сияқты жетілгенімен, кейін бойы өспей қалған. Ауыр дәрігерлері қыздың ата-анасына қалада емделуге кеңес берген. Бірақ қызды емдетуге ата-анасының қаражаты болмаған соң, Сантош та емдеуден бас тартты. Ол тігіншілік өнерін одан әрі дамытып, болашақта жеке дүкенін ашуды жоспарлап отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Google өлімді болжайтын жасанды интеллект жасап жатыр

Ашуланған піл фермерді таптап өлтірді (видео)

Түркияда жарына опасыздық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ

Періштесі қақты: 9-қабат терезесінің алдында ойнап жүрген бала жұртты шошытты (видео)

Талқылау