Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Періштесі қақты: 9-қабат терезесінің алдында ойнап жүрген бала жұртты шошытты (видео)

Көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы терезесінің ернеуіне шығып алған кішкентай бала жұрттың жағасын ұстатты. Оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған.

Оқиға Бразилияның Гояния қаласында болған.

Видео авторының айтуынша, бала он минут бойы осылай тұрған. Содан кейін балконға шыққан ер кісі оны көтеріп алып кеткен, бірақ арада көп ұзамай бала қайтадан терезе ернеуіне шығып алған. Бұл жолы баланың артынан оның кішкентай інісі ілескен.

Оқиға куәгерлері балалардың ата-аналарына ескерту үшін үйге қарай жүгірген. Алайда, оларға ешкім есік ашпаған.

Тағы оқыңыз:

Түркияда жарына опасыздық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ

Күдікті хаттың кесірінен 11 әскери адам зардап шекті

Дәрігерлер әйелдің құлағына кіріп кеткен өрмекшіні тірідей алып шықты (видео)

12 жасында ағасынан бала туған бойжеткен екінші рет ана атанды (фото)

Талқылау