Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Шағымдар мен күйзелістер адамдарды жетістікке жеткізеді

Шеффилд университетінің ғалымдары әрдайым күйзелісте жүретін және ештеңеге көңілі толмайтын адамдар жетістікке қол жеткізеді деген тұжырымға келді. Пессимистер белсенділік танытып жүрген құрдастарына қарағанда әлдеқайда алға озып, өмірден өз орындатын тауып жатады.

Бұл туралы theconversation-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Себебі бұл типтегі адамдар жасаған жұмысына көңілі толмаған соң басқа іске араласпай, тапсырмасына ғана көңіл бөледі. Психологтар бұл тұжырымға оптимист пен пессимистің мансаптық өсуін зерттеген соң қөз жеткізді.

Ғалымдардың пікірі бойынша пессимисттер қазіргі заманғы мүмкіндіктер мен әлем жағдайын бағалауға негізделген прагматикалық шешімдерге бейім болады. Оның үстіне, пессимист адамдар үшін әрбір сәтсіздік әдеттегі өмір тәжірибесі болып қалады. Олардың теріс пікірлері басқаларға күш-жігер беріп, ынталандырып отырады. Ал әркез жағымсыз пікір естіген қызметкерлер жұмыстарын бұдан да жақсы жасауға тырысады.

Сонымен қатар пессимистер белсенді өмірге араласпаған соң, олар жүрек-қан тамырлары немесе мида пайда болатын аурулармен зардап шекпейді.

Жіберіп алмаңыз:

Айда ұялы байланыс пен ғаламтор желісі орнатылады

Бойы 84 сантиметр болатын қыз күйеу жігіт таба алмай жүр

Google өлімді болжайтын жасанды интеллект жасап жатыр

Ашуланған піл фермерді таптап өлтірді (видео)

Талқылау