Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек пен Мархабат Ернар Айдардың екінші қызына кіндік әке-шеше болды (видео)

Ернар Айдар жақында екінші қыздың әкесі атанды. Әншінің қызына өнердегі ағасы Мейрамбек Бесбаев пен жары Мархабат кіндік әке-шеше болды. Олар сәбиді перзентханадан шығарып алды. 

Бұл туралы Ернар Айдардың өзі айтты. 

"Көктем басып алғандай күздің орнын,
Шетіне шықпағасын ізгі жолдың
Айым туып оңымнан, көңілім тасып,
Уа, ағайын, сүйінші, қызды болдым!

Тоқтамай Тәңір берген сыйлар легі
Бұдан асқан көңілді күй бар ме еді?!
Кіндік шеше — Мархабат жеңешеміз,
Кіндік әке — қазақтың Мейрамбегі!..

Аллаға шексіз шүкір, барша құттықтап жатқан ағайынға мың алғыс🤗👏✊
Әр шаңырақта сәби үні іңгәләп, шаттық қуаныш болсын. Аллаға шексіз шүкір.

Баршаңызға мың алғыс, әр шаңыраққа қуаныш, шаттық тілеймін.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!", - деп жазды әнші парақшасында.

Әріптестері мен желідегі оқырманы бауы берік болсын айтып, ақ тілегін жазып жатыр. 

"Ғұмырлы болсын!", - деп жазды Төреғали Төреәлі. 

"Алла бере берсін, артынан топырлап сәбилерің дүниеге келе берсін!", - деп жазды шоумен Нұржан Аташ.

"Бауы берік болсын, ізінен інілері ере берсін, Аллам өмірімен берсін", "Құтты болсын, көрікті, инабатты әсем қыз болсын, бақытты балалық шақ тілеймін", "Құтты болсын, бауы берік болсын. Саналы ұрпақ болғай", "Жарайсың, бауы берік болсын, үлкен кыз болсын", - деп жазды желідегілер.

Ернар Айдар екінші қызының атын Айым деп қойды. 

Талқылау