Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке болды
Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Сүйінші жаңалықты Сәкен Майғазиев жариялады.
“Алла ұлық! Жаратқан иемізге шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Мейрамбек пен Мархабат Әбіләшім әкеміз бен Жібек анамызға тағы бір немере сыйлады! Балапанымыздың бауы берік болсын! Саналы, иманды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын, жақсыларым!”, – деп жазды әнші.
-
"Жар таңдаудан қателеспедім": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жан тебірентерлік жазба жариялады
-
"Ешқашан тастаған емеспін": Мейрамбек Беспаевтың әйелі отбасылық фотоларын жариялады
Еске салайық өнер иесінің жары Мархабат жақсы жаңалығын жариялаған еді.
“Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын", – деп жазған еді өнер иесінің жұбайы.