Мейіржан Төребаев туған күнін Меккеде өткізді
Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева қажылық сапарына аттанды. Көпбалалы вайнерлер жұбы бұл жолы тұңғыш ұлы мен Мейіржанның анасын өздерімен бірге ерте барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дана Есеева да сапар туралы пікір бөлісті.
"Мединаға келісімен, әуежайда шариғат заңына сәйкес киім ауыстырдым. Бұл көйлекті Мейіржан Меккеге алғаш барғанда алып келген. Мұнда адамдар жылы жүзді, барлығы амандасады, тыныштық сезіледі.
Энергетикасы мықты. Тұрмыс-тіршілік айдалада қалады. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, осы жерге келу керек", - деді Дана.
Айта кетейік, кинопродюсер Нұртас Адамбай да жұбайымен бірге қажылыққа барды. Ол жарының алғашқы намазына себепші болғанына қуанған еді.
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Ирандағы жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді