Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шернязовқа қатысты тергеу қашан аяқталады? Ішкі іштер министрлігі жауап берді

Қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және блогер Азимжан Саидбаевқа қатысты тергеу шаралары аяқталуға жақын. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Санжар Әділовтың айтуынша, қазіргі таңда үшеуі де жауапқа тартылып жатыр.

“Өкінішке орай, біреуі шетелге қашып кетті. Қазір оның жүрген жерін анықтау шаралары қолға алынды. Біз қылмыстық істі тергеуді аяқтап қалдық. Жақын арада барлық материал процеске қатысушыларға таныстырылады, содан кейін сотқа жіберіледі. Тергеу кезінде күдіктілерге қатысты толық дәлелдер жиналды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, вайнерлер 2021 жылдан бастап Mudarabah Capital компаниясын жарнамалай бастады. Кейін компания қаржы пирамидасы деп танылды. 2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital компаниясының иесі Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Ал Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, Азимжан Саидбаев құрылтайшылары деп танылды. Қазіргі таңда Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде кепіл төлеп, соттың соңғы шешіміне дейін босатылған болатын. 

Ал Саидбаевты қамауға алуға шешім шығарылды. Алайда ол шетелге қашып кеткен. Бүгінгі таңда халықаралық іздеу жарияланды.

 

Талқылау