Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Қазақстандық грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет (67 келі) шешуші белдесуде әлемнің екі дүркін чемпионы кореялық Рю Хан Суды жеңіп, Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы финалдық жекпе-жекті сенімді түрде өткізіп, екі кезеңнің қорытындысы бойынша 12:3 есебімен жеңіске жетті.
Мейіржан Шермаханбет өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық палуандар тағы үш салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Финал (72 келі): Абылайхан Әмзеев - Мохамад Реза Хойотолла Мохтари (Иран).
Финал (82 келі): Диас Кален - Расул Саде Гармсири (Иран).
3-орын үшін белдесу (97 келі): Санжар Серікхан - Такихито Цурудо (Жапония).
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды