Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келіндер көтерілісі" спектакліндегі актерлардың биі желіні жарды

Түркістан музыкалық драма театрының жаңа маусымы "Келіндер көтерілісінің" заманауи нұсқасымен ашылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарық көргеніне ширек ғасыр болған спектаклге жаңа леп берген режиссер – Дәурен Серғазин. Қойылымның бас кейіпкерлері – Бақыт Хаджибаев, Әлімхан Мырзахан, Қарлығаш Тұрсынбекова, Айнұр Рахипова, Әнуарбек Ақсұлтан және т.б. Бұл туралы театр директоры Айнұр Көпбасарова: "Қазіргі заманғы мен өткен заманғы әйел образы деп бөліп қарай алмаймыз. Білім мен өркениеттің дамуына байланысты ғана өзгеріп, заманауи толығып отырады. Ене – келін үшін өмірлік өнеге мектеп. Қазақ “келінің жақсы болса, шын бақыт" деп жақсы айтқан. Заманауи қойылым көрермен көңілінен шығады деген сенімдемін", – деп халықты театрға шақырды.

Сонымен қатар театрдың жаңа маусымы жаңа есімдерді де халыққа таныстырды. Солардың бірі – Айжұлдыз Адайбекова, театр сахнасындағы алғашқы дебютін сәтті ойнап шықты. Сахнадағы әріптесі Мейірғат Амангелдин екеуінің би қойылымы тик-ток желісіне кеңінен таралып, екі күн ішінде бір миллион қаралым жинады. 

Талқылау