Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы аспанындағы түнгі құбылыстың түсіндірмесі табылды: Ал тұрғындар метеорит құлады деп отыр

Алматы облысының тұрғындары 13 маусымға қараған түні аспаннан ерекше жарықтарды байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Видео kris_p_talgar парақшасында пайда болды.

“Білетін адамдар мұның не екенін түсіндіреді деп ойлаймыз. Бұл құбылыс туралы ақпарат таппадық”, – дейді ролик авторы.

Желі қолданушылары ерекше құбылыстың видеосын бөлісті. Дегенмен бұған қатысты қазақстандықтардың пікірі әртүрлі. Бірі мұны метеорит десе, енді бірі ұшатын белгісіз нысан деп топшылады.



Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тұрғындардың спутник фрагменттерінің жанып жатқанын байқағанын түсіндірді.

“Фесенков атындағы астрофизикалық институт мамандарының айтуынша, әдеттен тыс құбылыс Жер атмосферасына түскен кезде құлаған спутниктің фрагменттерінің жануы деп түсіндірілді. Бұл жер атмосферасына 13 маусымда қонуы керек деп болжанған Starlink-31469 спутнигі болуы мүмкін”, – деп түсіндірді департамент.

Orbitalfocus.uk сайтында қазақстандықтар ғарыш кемелерінің атмосфераға қашан енетінін бақылай алады.

Еске салайық, 19 мамырда Испания мен Португалияда байқалған ерекше құбылыстың видеосы пайда болғанын жаздық. Кадрларда түнгі аспанда көк түсте жарқырай аққан жұлдыз бейнеленген. X әлеуметтік желісі жариялаған видеоларда метеориттің аспаннан қалай өткені көрсетілген. Алайда метеорит Жерге түспей із-түссіз жоғалған.

Талқылау