Желіде Испания мен Португалияда байқалған ерекше құбылыстың видеосы пайда болды
Жеілерде Испания мен Португалияда аспаннан жарқырап көрінген метеориттің видеороликтері пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.com.au. порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото желі кадрларынан
Кадрларда түнгі аспан көк түсте жарқырай аққан жұлдыз бейнеленген.
X әлеуметтік желісі жариялаған видеоларда метеориттің аспаннан қалай өткені көрсетілген.
"Қазіргі уақытта оның жер бетіне құлағаны расталған жоқ. Бірақ кейбір мәліметтер бойынша ол Кастро-Дайре қаласының маңында құлауы мүмкін. Басқа мәліметтер бойынша, ол Пинхейрге жақын болған", - делінген портал хабарламасында.
Өрт сөндірушілер құлау орны туралы көптеген есептерді тексереді. Бірақ жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2-дегі жағдай бойынша ештеңе таба алмады.
Жамбыл облысында оқушының жүрегі тоқтап, жансақтау бөліміне түсті: Туыстары оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтты
Жақындарының сөзінше, оны сыныптасы жоғары сынптың балаларының айтуымен ұрған
Наурыздағы кездейсоқ кадр: Қазақстандық апа италиялық Vogue журналына қалай шықты
Фотографтың айтуынша, 4 жыл бойы Vogue-ға өзінің жұмыстарын жіберіп келеді