Қайырымды азамат мешіт дәретханасын тазалап жүрген қарияға қажылыққа жолдама сыйлады (видео)
Бейтаныс жігіт мешіт дәретханасын тазалап жүрген қызметкер қарияға тосынсый жасаған. Ол ер адамды әңгімеге тартып, артынша оған қажылықтың сертификатын табыстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тосынсыйды күтпеген мешіт қызметкері еріксіз көзіне жас алды.
"Жүрегі мешітке байланған деген – бес уақыт намазын мешітте оқыған адам емес, осы жерде қызметте болған адам. Алла тағала сізді қасиетті жерге қонаққа шақырып жатыр. Мынау сізге сертификат. Үлкен қажылыққа лайықтысыз. Маған алғыс айтпаңыз, Аллаға рахмет айтыңыз, біз жай ғана себепкерміз. Жылап алыңыз, бұл қуаныштың көз жасы", – деді бейтаныс жігіт.
Көптің көзіне жас үйірген бейнежазбаны айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған