AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамеджан Тазабек: Орамал тартқысы келген бірлі-жарым жоғарғы сынып оқушыларының да талабы бір күндері орындалар

Мұхамеджан Тазабеков мектеп оқушыларының орамал тағу мәселесін қолдады. Айтыскер бұл мәселеде екіге бөлініп, дау тудырудың орынсыз екенін айтады. Оны қолдаушылар да, даттаушылары да табылды. 

“Бір кезде көлікке тағатын әдемі нөмірлер жабайы жолмен иесін табатын. “Елден ерекшеленіп қайтесің” деген сөзді ешкім ешкімге айтпай-ақ мемлекет араласып, жолға қойылды. Иесінің де көңілі тоқ, қазынаға да қаражат түсіп жатыр. Бір кезде “көк туға құрметім сол” деп, байрағымызды балконға ілген патриоттар сотталып кете жаздады. Көпшіліктің пікірі ескеріліп, президенттің өзі араласып, ондай сезімге құрметпен қарау мәселесі басқаша пайымдала бастады. Бұрындары көлденең адам галстуксыз кірмейтін Ақ ордаға түнеугүні атақты блогерді спорттық киіммен кіргізіп, ресми ақпарат таратқыздық. Оны көріп отырып, қазіргі уақытта қатып қалған қасаң тәртіпті ұстану емес, ел-жұрттың күнделікті киіну мәдениетімен санасу маңызды боп жатыр ғой деп тұспалдадық”, – деп жазды Тазабек.

Айтыскер ақын орамал мәселесінің бір күні шешемін табатынына сенімді. 

“Орамал тартқысы келген бірлі-жарым жоғарғы сынып оқушыларының да талабы бір күндері орындалар. Қиыннан жол тапқыш, қаласа киіз қазықты тоқпақсыз жерге кіргізетін жоғарыдағылар оның да жолын табар. Ақыр шешілуі керек мәселе болса, елді екіге жарып қырылыстырмай, онсыз да онға бөлініп, орға жығылудың алдында тұрған қоғамды бір жақты қылған дұрыс шығар. Заман ауысады, заң да өзгереді, мұсылман да өледі, мұсылман емес те кетеді… Орамалды қолдаған да мәңгілік емес, қарсы болған да қалмайды. Ататүрік те кеткен, Ердоғанның келетінін де ешкім білген жоқ… Назарбаев дәуірі де аяқталды, ата заң өзгереді деп те ойламағандар да көп… Иман, ислам, намаз, ораза, қажылық, орамал - олар қиаметке дейін қалады ғой Қалмайтындар қалатын нәрсеге қиянат қылмаған дұрыс қой… Сөзді бұрмалап, адасқандарды сылтауға сынық қылмай, болатын нәрсенің тоқтайтын жеріне тоқайласу керек қой…!” – деді ол. 


“Салафит, сайтансақал текелер”: Мұхамеджан Тазабеков өзін айыптаған ақынға жауап берді


Қоғамда орамал мәселесі қызу талқыда. Қоғам белсенділері мен өнер өкілдері де өз пікірін білдірді. Тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы, заңгер Айгүл Орынбек оқушылардың орамал тағуына қарсы шықты. Олардың қатарында Меруерт Түсіпбаева да бар. 

“Мектепке оқушының орамал тағып баруына мен қарсымын!! Әлі тұлға ретінде қалыптаспаған, ақ пен қараны, оң мен солды ажырата алмаған жас баланың ертеңгі күнін ойлайықшы… Қазақстан –  зайырлы мемлекет! Осы бағыттан ұрпағымыздың болашағы үшін айырылмайық! Онсыз да таза, пәк балапандарды тұмшалап, сана- сезімін уламайық! Баланың балалығы болсын!! Мектепте оранбай-ақ асыр салып жүгірсін, ойнасын! Есеюге үлгереді! Орамалды қазақтар қыз бала ұзатылып, өзге босағаны аттағанда ғана таққан! Ат құлағында ойнаған қазақ қызы, көбінесе ерке, еркекшоралау болып өскен! Ата-бабамыздың салып кеткен сара жолымен жүрсек, жаман болмаймыз. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы! Шектен шықпаңыздар!! Жауапқа тартыласыздар!”, – деді әнші. 

“Сіздің пікіріңізде дұрыс болсын, дауласпаймын”, “Қарсымын, біріншіден ата-ана ретінде, екіншіден мұғалім ретінде”, “Бала өзі таңдау керек”, “Мен де қарсымын. Бала бала болып ойнап күліп өсу керек.Тұмшаланып, сүйретіліп жүрген не сұмдық?”, “Бұл –  Алланың бұйрығы, оған қарсы шықпайық”, “Қысқа белдемшеге дәл осылай қарсы болса ғой”, “Орамалдан не зиян көрдіңдер?”, – деп жазды желідегілер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр