Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мерзімі өткен дәрілер мен ішек таяқшалары табылған": Қарағанды облысында 19 мектеп директоры жазаланды

Қарағанды облысында 19 мектеп директоры жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Прокуратураның мәліметінше, Қарағанды облысы Нұра аудандағы білім беру ұйымдарында өткізілген тексеру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларындағы көптеген заң бұзушылықтар анықталған. 


Мектепке қайта қабылданады: Қарағанды ​​соты оқушыны орамал таққаны үшін оқудан шығаруды заңсыз деп таныды


“Ауданның кейбір мектептерінде жарамды мерзімі өтіп кеткен дәрілік құралдар табылды. Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер анықталды. Мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды. Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде барлық анықталған бұзушылықтар жойылды”, – делінген хабарламада. 

Тексеру нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Прокуратура қабылданған шаралар нәтижесінде 2000-нан астам баланың құқығы қорғалғаны атап өтілді. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада мұғалімнің мектептегі лифт шахтасына құлап кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау