"Табысымның 25%-ы кетеді": Нұрдәулет Қилыбай некесіз туған баласына алимент төлейтінін мойындады
Коллаж Stan.kz
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай некесіз туған баласына алимент төлейтінін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист некесіз туған баласының төңірегіндегі дауды облыс халқы қалай қабылдағанын және қанша алимент төлейтінін сұрады.
"Бұл – жеке бастың мәселесі. Біріншіден, әлеуметтік желіде жазылып жатқанның бәрі шындыққа сәйкес келмейді. Мен өзім сотқа жүгініп, баламды ресми тану туралы өтініш бердім. Қазір заң бойынша алимент төлеп жатырмын. Басында баланы мойындаған жоқпын, бұл менің қатем болды. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызовадан туған некесіз ұлыма жалақым 1,9 млн теңгеден алимент ретінде 20-25 пайыз төлеймін”, – деді әкім.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі некесіз туған ұлы бар екені туралы қауесетке жауап берген еді.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн