"Мені улаған Путин": Навальный комадан шыққанннан кейін алғашқы рет сұхбат берді
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный өзін улауға тапсырыс берген Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Шпигель" басылымына сілтеме жасап.

Алексей Навальный уланып, аяққа тік тұрғаннан кейін алғаш рет сұхбат берді. Неміс журналистерімен болған әңгімесінде Навальный "менің көзімді Путин жоймақшы болды" деп ашып айтты.
"Мен бұл қылмысқа Путин барғанына сенімдімін. Және бұдан басқа нұсқалар жайлы ойламаймын", - дейді ресейлік оппозиционер.
Сөзінше, алдағы уақытта ол Ресейге қайтып оралмақшы.
"Мен қазір қиындықтарға мойымайтын адам екенімді көрсетуім керек. Мен ешнәрседен қорықпаймын!" - деп қосты Навальный.
Еске салайық, бұған дейін оппозиционердің комаға түскені айтылған еді. Кейіннен оның жағдайы нашарлап, Ресейден Германияның ауруханасына ауыстырылған.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық