Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені сатып кеткендей болды": Ғабит Мүсіреповтің үшінші жұбайы болған Раиса Мұхамедиярова қандай рөлдерімен есте қалды

Жас кезінде сымбаты мен дарынының арқасында "қазақтың Лоллобриджидасы" атанған КСРО және халық актрисасы Раиса Мұхамедиярова дүниеден озды. Stan.kz ақпарат агенттігі халық жадында "Менің атым Қожа" фильмінде Майқанова апайдың рөлін сомдаған актриса ретінде сақталған өнер иесі жайлы деректерді ұсынады. 

Фото: "Менің атым Қожа" фильмнен скриншот

КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 1939 жылдың 11 шілдесінде, Семей облысы, Көкпекті ауылында дүниеге келді. Болашақ актрисаның әкесі Мәжит Мұхамедияров байланыс басқармасында пошта бастығы қызметін атқарған, ал анасы Меңсұлу сатушы болып жұмыс істеген. 

Раиса Мұхамедиярова — Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің түлегі. Кино әлеміне қадам баспай тұрып ол 1957-1958 жылдары Қазақстан Компартиясы Сарыағаш аудандық комитетінде хатшы-машинисті болған. Арада екі жыл өткен соң ғана "Қазақфильм" киностудиясының актрисасы атанған. 

Ол кино әлеміндегі жолын 1961 жылы шыққан "Песня зовет" фильмінде басты рөлді сомдаудан бастады.Мұхамедиярованың бағы 1963 жылы "Менің атым Қожа" атты фильміне түсіп, Хадиша Майқанованың рөлін мінсіз сомдаған соң жанды. Халықтың ықыласына бөленіп, ел сүйген актриса атанғаннан кейін ол 1964 жылы 25 жасында 60 алқымдаған жазушы Ғабит Мүсіреповке күйеуге тиіп, сегіз жыл бір шаңырақтың астында тұрды. Ол Сергей Азимовтың "Поздняя любовь классика" деректі фильміне берген сұхбатында Мүсірепов оның киноға түскенін қаламағанын айтты. 

"Біз Сұлтан Қожықовпен "Қыз Жібектің" сценариін жазатын болдық", - деді маған. "Мен түсемін бе?" деп сұрағанымда, "Түсесің", - деді маған. Мені актерлік сынамаға шақыратын күнді күтіп жүрдім. Артынша сынаманың біткенін естіп, жан дүниемде іштей дискомфорт пайда болды. Мені сатып кеткендей сезім болды. Ал мен сатқындықты жек көремін. Осыдан кейін арамыз жылымай-ақ қойды", - дейді актриса. 

Актриса жазушыға Гауһар және Гүлнар есімді екі қыз туып берді. Ол 80 жылдық ғұмырында актриса 30-ға жуық фильмге түсті. 2002 жылға дейін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген. Раиса Мұхамедиярова 80 жасында қайтыс болды.

Раиса Мұхамедиярованы ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 7 қараша күні, сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында болады.


Тағы оқыңыз: Қазақ әдебиетінің інжу-маржаны Ғабит Мүсіреповтің өмірбаяны

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда биыл спорт саласына қанша қаражат бөлінді? Министрлік жауап берді

Биыл жоғары жетістіктер спортына 23 804, 2 млн теңге бөлінді

"Шамадан тыс көп жаттығулар оның денсаулығына әсер етуі мүмкін": АҚШ журналисі Геннадий Головкин жайлы сөз қозғады

АҚШ журналисі боксшының жасы жайлы өз ойын білдірді

Ресей колледжіндегі атыс: Көз жұмған студент үйленгелі жүрген

Жас жігіт атыс салдарынан дәрігерлер жеткенше көз жұмды

Сабақтан шығарып жібергені үшін: Ресейде колледж студенті қатарластарына оқ жаудырды (видео)

Салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақаттанды

Асылған ет жеп, виски ішіп отыр: Қостанай түрмесіндегі шенеуніктің жағдайы видеоға түсіп қалды

Түрмеге барлық жасап қойыпты

"Ауылдағылар 30 мың алады": Қазақстандағы имамдардың жалақысы қанша

Дін қызметкерлеріне жалақы 4 категория бойынша тағайындалады

Перуашев: Табысын жасырған миллионерлерді бәрібір таппайсыздар

Мәжілісмендердің айтуынша, одан да көңілді парақорларға бөлген жөн екен

Отағасы тіл тартпай кетті: Павлодар облысында жылқының кесірінен бүтін бір отбасы апатқа ұшырады

Апаттан жұбайы мен кішкентай үш баласы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді

Бас мүфти: Біз – қарияның дуалы сөзіне қарсы уәж айтпаған халықпыз

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы сезім мен амалды үйлестіруге шақырды

"Маған жала жабылды": Мәнізоров өзіне тағылған айыптаулар туралы айтты

Айтуынша, оған ақпараттық шабуыл жасалған
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр