"Мені өлтіру оңай": Нұрлан Еспанов әлсіздігі туралы
Нұрлан Еспанов әлсіздігі туралы ашығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Егер менің басыма қиын күн туатын болса туған інім Ерлан қасымнан табылады. Бірақ, мен көпшіл адаммын. Мені өлтіру оңай. Ешкіммен сөйлестірмей бір күн қамап қойсаң, өліп қалуым мүмкін. Мен ортада жүруім керек", - дейді Нұралан Еспанов.
Жалғыздықтан қатты қорқатын Нұрлан Еспанов үйінде жалғыз қонғанды да ұнатпайтын көрінеді. Жаратылысынан көпшіл болған өнер иесі осылайша құпиясымен бөлісті.
"Жалғыздықтан қатты қорқамын. Үйде ешкім болмаса, үйге қонбаймын. Далада жүре беремін, таң атқан кезде ғана бара аламын. Жаратылысым сондай", - дейді Нұрлан Еспанов.
"АҚШ-та үндемей қалу сыпайылық емес, сенімсіздік": Bloomberg-те жұмыс істейтін қазақ қызы Америкадағы өмірі туралы