Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені кешіріңдер": Сириядан қайтарылған қазақтар бастан кешіргенін сотта жылап тұрып жеткізді

Қазақтарды «аджам», яғни «араб еместер» деп шетке тепкен. Сириядан қайтарылып, сотталып жатқан қазақтар ондағы көргенін сотта жылап тұрып жеткізді. Айтуларынша, арабтар алдап, қолдан аштық ұйымдастырып, тіпті балаларына дейін зәбір көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

сот

"Көшелерде, базарларда «аджам», «араб емес» деген сөздерді көп естуші едік. Алайда ол сөздердің мағынасы терең екенін мен кеш түсіндім. Біз,  аджамдар, көбісі аш жүргенде, қолдарында  қойманың тамағын таратпай, сатпай, жолын, яғни азықтүлік жолын жабылатынын бізге, аджамдарға  хабарламай, өтірік айтып, ашық болады деп, тосын аштыққа ұшыратты", - дейді азапты ғұмыр кешкен сотталушы Аманжол Жансеңгіров.

Көрген қиындығын баяндап тұрған Аманжол Жансеңгіров 7 жыл дегенде "Жусан" операциясымен елге оралып отыр. Сотталушылар бүгін соңғы сөзін айтып болды. Бірақ олардың басынан өткергендері адвокаттарына қызық болмаған сыңайлы. Заңгерлердің бірі сот үстінде бас бармағын ебедейсіз қылықпен көрсетті.  

Сириядан қайтып оралып, соты өтіп жатқан 14 қазаққа прокурорлар 10-нан 17 жылға дейін сұраған еді. Енді сот үкім шығаруы керек. Бәрі де айыбын ішінара мойындап, жазасын өтеуге дайын. Дегенмен соттан жеңіл жаза беруін сұрайды. Елге қайтқанына қатты қуанғандары қамауда жатып шығарған өлеңдерін оқыды.  

"Асқар тау әкем! Мәпелеген анам! Ақ сүттеріңді ақтай алмағаныма мені кешіріңдер", - деген ол көз жасына да ерік берді.   

Талқылау