Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менде және Кейджде ғана бар": Димаш Құдайберген "Вечерний Ургант" жүргізушісіне шапан жапты (видео)

Димаш Құдайберген ресейлік «Бірінші арнаның» «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысты. Ол бағдарлама кезінде жүргізуші Иван Ургантқа шапан жапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш студияға сазгер Игорь Крутой және мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотниковамен бірге келді. 

Қазақстандық әнші бағдарлама жүргізушісіне қазақ шапанын тарту етті.

«Бізде сыйлы, құрметті адамдардың иығына шапан жабады. Осы сәтті пайдаланғым келеді», - деді Димаш.

Өз кезегінде Ургант: «Мұндай киім менде және Николас Кейджде ғана бар», - деп әзілдеді.

Жүргізуші Димаштан танымал актер Джеки Чанмен таныстығы туралы сұрады.

«Джеки Чан – өте қарапайым адам. Ол – әлемдегі ең танымал адам, барлық президенттен де танымал деуге болады», - деді Димаш.

«Тек бір президенттен басқасынан», - деді Ургант осы тұста.

«Назарбаевтан», - деді әнші.

Өз сөзінде Димаш Қытайдағы және әлемнің өзге де елдеріндегі оқиғасы I'm singer байқауынан кейін басталғанын атап өтті.

«Бірнеше күннен кейін маған Джеки Чанның менеджері хабарласты. Бұл туралы білгенімде, бірнеше секунд үнсіз тұрып қалдым. Ол менімен кездесу уақытын белгіледі. Кездесу алдында қатты қобалжыдым. Ол өмірде өте қарапайым адам болып шықты», - дейді Димаш.

Бағдарлама ресейлік арнада 31 қазанда көрсетілді.  

Талқылау