Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менде не шаруаларың бар?": Данияр Елеусінов бетін тұмшалаған әйелін сынға алғандарға жауап берді

Данияр Елеусінов пен әйелінің бірге түскен суреті желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары ниқаб киген әйелге қатысты түрлі пікір жаза бастады. 

“Ораза айт құтты болсын!”, – деп спортшы барша мұсылмандарды айт мерекесімен құттықтады. 

“Бетін сонша тұмшалаудың не керегі бар?”, “Басқа дін ағымы емес пе?”, “Бетті көрсетуге болмас па еді?”, “Бұлай орану міндетті емес”, – деп жазды оқырмандар.

Спортшы бұл кезде Сауд Арабиясында жүргенін айтып ақталды. 

“Ей, халайық, менде не шаруаларың бар? Өз өмірлерің керемет болса, мында жазбас едіңіздер… Бұл Сауд елінде түскен сурет. Бұнда былай жүруге болады… Әйелім ниқаб тақпайды негізі. Бұл жерде масканын орнына таққан… Сәукеле, кимешек пен тақия ки дегендерге айтарым, батыстың киімін күнде киіп жүргендеріңізді ұмытпаңыздар… Бір рет арабтікін кигенде көріп қалады екенсіздер”, –деп жазды.

“Исламда осылай бетін жауып алсын демеген шығар, қызық осылар”, “Арабтарға қазақтың киімін берсең, кие ме?”, “Данияр бауырым, әркімде де кемшілік бар. Бәріміз пендеміз, сондықтан Алланың разылығынан үміт етіп жүрген жандармыз. Жалаңаштан осы дұрыс па деп қалам”, “Базар жоқ, бірақ неге қазақтың ұлттық киімін кимеске?”, “Әйеліңізді басқа біреумен шатастырып алмаңыз”, “Мына бейне ата-бабаларымыздың әйелдерінде болмаған киім екен”, – деп жазды желі қолданушылары. 


Допинг дауына іліккен Жасұлан Қыдырбаев: Алексей Ни ол кезде менің жауым еді, соның қысымы болды

Талқылау