"Мен ұрсам, адамдар өліп қалуы мүмкін ғой": Жанқош Тұраров сот орындаушысымен болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Боксшы Жанқош Тұраров Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Спортшының айтуынша, ол сүріліп жатқан үйде тұратын әйелдің жиені екен.
"Тәтем маған балабақшадан баласын алып кетуді өтінді. Өйткені ол осы жанжалға байланысты үйінен шыға алмаған. Үйге келгенімде тәтемнің жылап жатқанын естідім. Қоршауды бұзып жатқандарын көріп, үйге кірдім. Оларға жақындап келіп, неге үйді бұзып жатқандарын сұрадым. Өйткені қазір суық мезгіл, адамдар көшеде қалмайды ғой. Одан соң олардың жағдайға кіріп, түсінулерін сұрадым. Сөйтіп, істерін тоқтатты. Ары қарай іске араласпадым. Бұл уақытта үйдің арғы жағында айқай, шу болды. Бірақ мен ешкімге қауіп төндірмедім және ешкімнің арызын қайтарып алуды сұрамадым", – дейді Жанқош Тұраров.
Сондай-ақ Aibat жаңалықтар қызметіне берген сұқбатында оқиға орнында ешкімді ұрмағанын жеткізді.
"Мен ұрсам, ана жерде адамдар өліп қалуы мүмкін ғой", – дейді спортшы.
Айта кетсек, бұған дейін Алматыда нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққыға жығылғанын жазған болатынбыз. Ол аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазған.