"Мен UFC чемпионы боламын!": Фируза Шарипова Аманда Нуньесті жекпе-жекке шақырды
Фируза Шарипова ММА-дағы алғашқы жекпе-жегінен кейін күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы UFC жұлдызы, жаңа чемпион Аманда Нуньесті күш сынасуға шақырды.
“Аманда Нуньес мен сенің соңыңнан қалмаймын. Мен UFC чемпионы боламын!", - деп жазды Шарипова өзінің Instagram парақшасында.
Осы жазбадан бірнеше сағат бұрын Далластағы (АҚШ) UFC 277 турнирінің негізгі жекпе-жегінде Нунес америкалық Джулианна Пеньяны реванш кездесуінде жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қайтарып алған еді.
27 жастағы Шарипова бірнеше күн бұрын Алматыда ММА-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізіп, 18 жастағы ресейлік Карина Оңдасынованы 2:0 есебімен жеңді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

