"Мен туымды мақтан етемін": Қазақстандықтар әлеуметтік желіде акция бастады
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде тумен түскен суреттерін жариялап, акция бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен туымды мақтан етемін" деп ұрандатқан қазақстандықтар желідегі парақшаларына тумен түскен суреттерін жарыса жариялаған. Олардың қатарында өнер жұлдыздары, қоғам белсенділері, спортшылар, елімізге танымал тұлғалар бар.
Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Жанар Айжанов, Ержан Максим, Елдос Сметов, Әлия Юсупова, Болат Айханов, Жеңіс Сейдулла сынды бірқатар тұлғалар мемлекеттік тудың мәртебесін асқақтатып, оның үнемі желбіреп тұрғанын қалайтынын жеткізбек болған.
Олар мемлекеттік туды қорғаудың қаншалықты маңызды екенін жарыса жазды. Акция бастағандардың арасында танымал тұлғалар ғана емес қарапайым халық та бар.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"