"Мен тоқал емеспін": Актриса Альмира Тұрсын режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелімен кездесті
Отандық актриса Альмира Тұрсын Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаевамен кездесіп, режиссермен арақатынасы туралы қауесетке нүкте қойды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/almiratursyn
Актриса Назира Бақаевамен кездесіп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
“Назира Бақаеваға маған уақыт бөліп келгені үшін және ашықтығы мен шынайылығы үшін алғыс айтамын. Біз ара қатынасымыздағы сыйластықтан айнымай, жайлы жерде әңгіме-дүкен құрдық, өз сұрақтарымызға жауап алып, жеңілжеп қалдық. Ерлі-зайыптылардың ажырасуына мен себепкер болмадым. Олардың өз жеке себептері бар. Мен де бұрынғы күйеуіммен бөтен ер адам үшін ажырасқан жоқпын. Ажырасуымның өз себебі бар. Мен тоқал немесе екінші әйел емеспін. Назира екеуіміздің бір-бірімізге деген ренішіміз жоқ. Тіпті керісінше, өзара сыйластығымыз арта түсті. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды үзбей, дос боламыз”, – деп жазды Альмира Тұрсын.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”