Мен секілді бәрі вокзалда түнеген жоқ: Дәулет Төлеутайұлы өзін "қор ашып байып жатыр" дегендерге жауап берді

Белгілі блогер, журналист Дәулет Төлеутайұлы ақылы сабақтары мен дәрістері, баспана мәселесі жөніндегі кеңестері арқылы көпшілікке таныс. Соңғы кездері қорашып, халыққа қажетті дәрі-дәрмек сатып алуға ат салысты. Алайда өз басын ойлады деп сын айтқандар табылды. 

Дәулет баспана

"Мына пост іші тарларға немесе мені бұрыннан танымайтындарға арналады! Үй алдым деп пост салып едім... Кейбір комменттер көзге оттай басылады.Қазақтың бас проблемасына айналған баспана қиындықтарын мен көп көргендердің бірімін! Бұл жерде барлық адам Алматының жетімбұрышын жағалаған емес, риелторларға алданбаған, Сайранның автовокзалында түнемеген, чердакта қонбаған... Пәтер иесі келгенде шкафқа тығылған емес... Сенің балаң бар, обойымды жыртады деген сөздерді естімеген емес. Айта берсем көп. Сондай қиындықты өз көзімен көрген досымның құттықтау хатын да салып отырмын. Осыдан 10 жыл бұрын 31 квартирам болады деп айтатынмын! Әрі Дана апайдың қолдау хатын салып отырмын. Дана Нұржігіт 5-6 жылдан бері демеп келеді. Бас ауруына айналған баспананың арқасында бұл бүгінгі күнде үлкен жобаға айналды. Дана ханым әу баста, алдымен өзіңді ойлама, халыққа пайдалы нәрсе ойла. Сол кезде оның да пайдасы саған болады дегені бар", - деді парақшасында.

Бұл ретте блогер қор атынан маған еш пайда жоқ деп ақталады. Қордың басшысы өзге адам екенін ашып айтты. Сонымен қатар өзі мен әйелінің бизнесін ақша тауып жатқанын жеткізді. 


"Халықтың құлағынан теуіп, өзіңе пиар жасаудың керегі жоқ": Журналист Дәулет Төлеутайды жерден алып, жерге салды


"Осы уақытқа дейін әр қалада мастер-класс өткіздім. 20000-ға жуық адамға ақылы сабақ. Айына 250-300 адамға жеке ақылы консультация, 5 ірі компания, 20 шақты дүкен, 10 сабақ беретін жандармен жарнамалық серіктес. Бестселлер кітаптар, марафон, копилка... Телеграмда ең көп оқырманы бар бірінші канал болып отырмыз. Телевизиялық жобалардағы продюсерлік, тележүргізушілік қызмет... Лаураның  бизнесі... Енді жуырда Дәулеттен телемагазині іске қосылмақ. 1045 тегін пост, ютубтағы тегін сабақтар да бар... Сонда осының ешқайсысы пайда әкелмей ме?! Қор ашып пайдаға кеңеледі дегендерге таң қаламын. Қорды не үшін заңды қылдық? Осындай артық бықсыйтындарға арнап заңды тіркедік. Соларға айтарым - ары қарай заңды қопарыңдар", - деді блогер.

Айтуынша, қордың мақсаты бөлек. Оны заң тұрғысынан да зерттеп көруге болады. 

"Қор пайда табу мақсатында жұмыс істейді ме екен?! Өздері іздеп оқысын! Дәулеттен қорына келер болсақ, қор менің атымда тұрғынымен, басшысы басқа, учредитель дегендері басқа. Себебі әу баста қор басшысы болуға қарсы болғанмын. Себебі осындай қаңқу әңгімелер ұнамайды. Себебі өз табысым өзіме жетеді! Мына заман қандай заман? Адамдардың пейілі тарылған заман болып барады. Ал мен болсам, "кең болсаң кем болмайсың, Адамның емес, Алланың берері көп болсын" дегеннен шаршамаймын!
А так 99 пайыз оқырманыма алғысымды айтамын", - деді журналист. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр