Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен сағынып баратын адамдар аз": Тоқтар Серіков марқұм әке-шешесін есіне алды

Танымал әнші Тоқтар Серіков туған ауылына барып, жан тебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/toktar.serikov/

Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері марқұм ата-анасын сағынып жүргенін жеткізді. 

“Ауылға барып қайттым. Сол баяғы қалпында тұр.Тек мен сағынып баратын адамдардың табылмағаны болмаса?! Алтындарым-ай, бір көрсем арманым болмас еді ғой. Анашымның жалғыз бауыры Нұрат нағашыма амандасып қайттым. Нағашымда қарттықтың кемесіне мініп алыпты, түскісі жоқ. Анамды көргендей иіскеп, мауқымды басқан болдым. Амандығыңды тілеймін, Алладан нағашы”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, өнер иесі әлі күнге дейін әкесінің бөркі мен шешесінің орамалын сақтап жүргенін айтқан еді. 

“Әлеуметтік желіде шарлап жүрген шешем екеуіміздің суретіміз бар. Ол кісінің дүниеден өтерінен 3 күн бұрын түскенбіз. Өзім де әкемін. Бірақ шешеме қатты еркелейтін едім. Қолымды омырауына салып жіберіп, ұстап жататынмын. Иіскеймін, еркелетемін. Оны көрген Бейбіт пен ұлдарым ішек-сілесі қатып күлетін. Қазір бәрін сағынамын. Әкемнен қалған бөрік пен шешемнің шай орамалын үйіме сақтап қойдым. Соңғы сәттерде киген көйлегін жудырмай алып қойдым. Иіскеп, сағынышымды басамын. Түсімде көргім келеді. Өзімнің бала-шағам болса да, соларды сағынып тұрамын”, – деп толқыған еді әнші. 

Еске салайық, Тоқтар Серіков қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсы екенін жасырмаған еді. 

Талқылау