Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен өз имиджімді ойламадым": Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың сынына жауап берді

Алматы әкімі Бақытжан  Сағынтаев қаладағы тәртіпсіздік кезінде өз имиджінен бұрын азаматтардың қауіпсіздігін ойлағанын және бүлікшілер бассыздық жасағанда қайда болып, немен айналысқанын егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласындағы қаңтар оқиғасынан кейін көп сынға ұшыраған болатын. Ол өзінің бүлік кезінде немен айналысқанын Арманжан Байтасқа берген сұхбатында баяндап берді.

“Оқиға өршіген кезде мен жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсіндім. Ел алдына шығып сағат сайын есеп беріп уақыт кетіру, болмаса шиеленісті шешуге күш жұмсау таңдауы тұрды. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштер бізде болмады. Сондықтан Қорғаныс, Ішкі істер министрлігімен келіссөздер жүргізуге тура келді. Менің тарапыма кейін көптеген сындардың болатынын білдім. Бірақ маған өзімнің иммиджіме қарағанда қала тұрғындарның қауіпсіздігі маңыздырақ болды”, – деді қала әкімі.

Сағынтаев сонымен қатар тұрғындардың орынын босатсын деген петициясына пікір білдіре кетті.

“Мен бәрі аяқталған кезде сынның да, өтініштің де болатынын білдім. Алайда қызметімді жауапкершілікпен жасап, жұмысымды жалғастыруым керек. Қаланы қалпына келтіріп, шығын мәселелерін шешуім керек. Мен өз жауапкершілігімді білемін. Қалай болғанда да сындардың бәрін қабылдаймын”, – деді әкім.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Хабар24” арнасына берген сұхбатында Алматы әкімінің тәртіпсіздік кезеңінде қиын жағдайда қалғанын айтқан болатын.

 

Талқылау