Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен махаббат жасау үшін еркек дос іздеймін": Қазақстанда жеңіл жүрісті қыздар енді Инстаграм арқылы интим ұсынатын болған

Әлеуметтік желіде жезөкшеліктің жаңа түрі пайда болды. Жеңіл жүрісті қыздар енді көшеде емес, инстаграмда интим қызметін ұсынатын болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасай отырып.

instagram

Жезөкшеліктің жаңа түрі пайда болғанын инстаграмда жеңіл жүрісті қыздардың жарнамасынан мезі болған қолданушылар айтып, дабыл қағуда. Әркімнің жазбасының астына пікір қалдырып, интим-қызмет ұсынатын қыздардың саны көбейіп кеткен. 

Олардың желіде өздерін былай таныстырады екен: "Мен махаббат жасау үшін байыпты еркек дос іздеймін валентин түнін ұнататындар үшін менің инстаграмымды қараңыз".

Бір қызығы, барлық жарнама қазақ тілінде сауатты жазылған. Мұндай бойжеткендерді сөзге тарту мақсатында аккаунтына тіркеліп көрген едік, тілдесу мүмкін болмады. Көрсетілген сілтемелер арқылы өттік, құдды бір "әйелдер аралына" тап болғандаймыз. Сөйтсек, кәдімгі танысу сайты. Әр кірген адамды түрлі кейіптегі қыздардың суреттерімен азғыра түседі. Олармен сөйлесу тегін емес, әрине. Ақша төлеу қажет. Жәй картаны тіркеу мүмкін емес, тек интернеті бар банктік картаны қабылдайды. Осы тұста көңілге күдік ұялады. Яғни, алаяқтар болуы ғажап емес.

"Маған «Сәлеметсіз бе, мен осындай осындай» деп бастайды. «Мен Алматы қаласынанмын», «Привет» деп бастайды. Кейін, «менің бағам 200$ доллар бір күн болу» дейді.. Біреуі 200 $ ұсынады, біреуі 300 $ ұсынады. Қаншалықты қыз әдемі болған сайын, өздерін қымбатқа қойып, сатады", - дейді актер Нұрдәулет Есболғанов. 


Күйеуім елге масқаралап жүр: "Жезқазғандық жезөкше" атанған келіншек бар шындығын айтты 


Парақшасында 226 мың оқырманы бар Нұрдәулетті мұндай қыздар жиі мазалайды екен. Жас актердің айтуынша, осындай жолмен ақша тапқысы келетін қыздар карантин уақытында тіптен көбейіп кеткен. Аудиториясы 18-24 жас аралығында болғандықтан, мұндай қыздардың әрекетінен мезі болған вайнер жас балалар үшін алаңдаулы.

"Жеңіл жүрісті қыздар карантин уақытысында көбейді десем де болады. Өйткені көбісі маған дайректке карантин уақытысында жаза бастады. Инстаграм желісінде бәрі оңай ғой, үйде отырып жаза береді", - дейді ол.

Қоғам белсендісі жеңіл жүрісті қыздардың пайда болуын трагедияға балады. "Арым жанымның садағасы" деген қазақ едік, қыздарымыз ардан аттап азғындықтың жолына түсіп жатса, бұған бәріміз жауаптымыз, дейді.

"Қазақ халқы бұл нәрсеге жат болды ғой, қырық үйден тыю деді. Қазір қызға қырық үйден тыю түгілі, бауырының баласын бауыры тыя алмайтын хәлге жетті. Оның бәрі біздің қыз келіншектердің тәрбиесінен болып тұр. Ол менің балам ісің болмасын дегеннен кейін, бір бірімен ісі болмай кетті. Жеңіл жолмен ақша тапқан адам, бір үйреніп алғаннан кейін ол маңдайын терлетіп жұмыс жасамайды. Сондықтан әр ұл қызы өсіп келе жатқан ата -ана, баласына ие болуы керек", - дейді қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатша.

Инстаграм ешкім бақыламағандықтан, осындай бассыздықтар көбейген, дейді SMM маманы.

 "Интернетте кездескендердің бәрін өзін жарнамалаушы қыздар деп түсінуге болмайды. Солар арқылы өздерінің пабликтерін көтеру, қосымша адам тарту ретінде пайдаланады көбінесе. Яғни, интим суреттер мен басқа да көрерменге қызықты дүниелер арқылы жарнама жасаушы адамдар өздерінің дүниелерін жарнамалайды", - дейді Жанасыл Болатбек.

Талқылау