AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдымен өлтіріп, кейін асып қоюы мүмкін": Түрме күзетшісі Қайрат Рысқұлбековтың қазасы туралы айтып берді

Семейдегі оқшаулау тергеу изоляторында конвой, бақылаушы және каптерщик болып қызмет еткен Мақсұт Оспанов Қайрыт Рысқұлбеков туралы естеліктерімен бөлісті. Сөзінше, Қайрат Рысқұлбеков өте сабырлы әрі тұйық болған. Түрме қабырғасында барлығын ашып айта бермейтін дейді. Сонымен қатар "Халық Қаһарманының" қарулы жігіт болғанын, өзіне қол салуы мүмкін емес екенін айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aiqyn басылымына сілтеме жасап. 

Мақсұт

Мақсұт Оспанов Қайрат Рысқұлбеков отырған түрмеде түнгі ауысымда қызмет еткен екен. Алайда кейін денсаулығына байланысты күндізгі ауысымға ауысқан. Қайратты бірнеше моншаға ертіп апарған ол арасында тілдесіп тұрғандарын айтады. 

"Қайрат 22-камерада болды. Мұны "Смертниктер камерасы" деп атайтын, яғни ату жазасына кесілгендер отырады. Түрмедегі әрбір кісінің заттарын, киімін қоятын арнайы орын болады. Қайраттың қалың дәптері сонда тұратын. Ұмытпасам, түсі қоңыр болуы керек. Іші тола жазу. Бір күні "Күнделігіңді оқуға бола ма?" деп Қайраттың өзінен рұқсат сұрадым. "Оқыңыз. Бірақ ешкімге бермеңіз", – деді. Біреуге берсем, өз басыма бәле болады ғой. Сөйтіп, Қайраттың күнделігін оқыған жайым бар. Оқыдым дегеннен гөрі шолып шықтым дегенім дұрыс шығар", – дейді Мақсұт Оспанов. 

Айтуынша, дәптерде ата-анасына, махаббат тақырыбына арнап шығарған өлеңдері болған екен. Ал қайтыс болар алдында Қайрат күнделігін камерасына алып кеткен екен. 

"Беріңізші, аға. Ештеңеге алаңдамаңыз" деп қиылып сұраған соң амалсыз бердім. Бір жағы қорықтым. Таңертең аласыз деді. Алайда таңертең Қайраттың өзіне қол салғанын білдім. Күнделік сол күйі табылмады. Осылай боларын білгенде, дәптерді көшіріп алар едім", – деп қосты ол. 

Мақсұт Оспановтың айтуынша, Қайрат Рысқұлбеков өзінің түрмеден шықпайтынын, қастандық жасайтынын білген.



"Ол көп нәрсені білетін. Алматыда алаңда не болды, қандай жағдай болды? Бәрін өз көзімен көрді ғой. "Мен шықсам, көргенімнің бәрін жариялаймын. Жарияласам, не болатыны белгілі. Олар мұны қаламайды" дейтін. "Тек бір өкінішім, бүкіл Қазақстан мен сияқтыларды қолдап, көтерілсе, Колбинді алып тастар едік. Біреудің қабағына қарамайтын өзіміз бөлек ел болсақ. Орыстардан не жақсылық көрдік?!" деген сөзі де ойымда қалыпты", – деді ол. 

Қария Қайрат Рысқұлбековтың сөзге шешен адам болғанын айтады. Көркем сөйлейтініне тәнті болғанын да жасырмады. 

"Ашық сөйлеспейтін. Шет жағалатып айтатын. Қайрат табиғатында тұйық жігіт болатын. Камерада жалғыз отырады. Кейде есіктің тесігінен қараймыз ғой. Ойланып жататын. Не өлі, не тірі екенін білмейсің, тып-тыныш ұйықтап жатады. Артық мінезі жоқ, кейбіреулер секілді жөнсіз айғайлап, берекемізді қашырған жоқ. Тыныш болды. Содан кейін көп қарамайсың да. Ара-тұра тесіктен қарағанымызды сезіп қоятын", – деді Мақсұт Оспанов. 

Сөзінше, Қайрат Рысқұлбеков қарулы жігіт болған. Бір-екі адамға оңайлықпен бой беретіндердің қатарынан емес дейді. Ал қайтыс болған соң денесін 22-камерадан 21-камераға апарып тастауы мүмкін екен. 

"Меніңше, Қайрат өз ажалынан өлген жоқ. Біреулер өлтірді. Ал оны 21 камераға ауыстырса, күндіз ауыстыру керек еді. 22 камераны "камера смертник" дейміз. Оны екінің бірі аша алмайды. Жедел қызмет бастығы мен түрме бастығы ғана аша алады. Қайратты өзі отырған 22 камерада өлтіріп, 21 камераға апарып тастауы да мүмкін басқа адамның жанына. "Мынау өлтірді" деп жала жабу үшін.

Жұмыста Қайратты жалғыз өзім моншаға апарғаным үшін менен күдіктеніп, сұрақтың астына алған кездер де болды. Ал Қайрат қайтыс болғанда "Сен ештеңе көрген жоқсың, моншаға апардың да алып келдің. Аузыңды жап та тыныш жүр", – деді бастықтар. 10 жылдай ешкімге айтпай жүрдім. Мэлс Асқарұлы "ел-жұрт білсін, бұл – бір тарих" деген соң қазір ақырындап айтып жүрген жайым бар.", – деп түйіндеді Мақсұт Оспан. 

Айта кетейік, бұған дейін Желтоқсан оқиғасының куәгерлері естеліктерімен бөліскен еді. “Желтоқсаншы зейнеткерлер” ұйымы мүшелерінің айтуынша, сол күні алаңға студенттерін іздеп мұғалімдер де шыққан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр