Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен бұл спортты жек көремін": Ресейлік спортшы көз жасына ерік берді

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Александра Трусова керемет өнер көрсетті. Ол бес квадраға секірді, бұл Олимпиада ойындарының абсолютті рекордына айналды. Бірақ мұндай жетістікпен ол екінші болды.

Спортшы еркін бағдарламада 177,13 ұпай жинады (ең жақсы нәтиже), бірақ қысқа бағдарламада төртінші орын алғандықтан (74,60 ұпай) бірінші қатарға жете алмады. Аня Щербакова екі квадрадан секірді, еркін бағдарламада екінші болды (175,75 ұпай), бірақ жалпы ұпай саны бойынша бірінші орынға ие болды - ол 255,95 ұпай, ал Трусова 251,73 ұпай жинады.

Жарыс аяқталғаннан кейін Камила Валиеваның төртінші болғаны үшін жылап жатқаны, ал Трусованың қасында жылағаны эфирге шықты, өйткені мұндай рекордпен ол тек күміс алды. 

"Мен бұл спортты жек көремін! Мен өмірімде ешқашан мұзға оралмаймын! Мен бұл спортты жек көремін! Мен мұның бәрін жек көремін!” – деп айқайлады Трусова. 

Спортшы марапаттарға барудан бас тартып, бұл спортты жек көретінін қайталады: "Әркімде алтын медаль бар! Бірақ менде емес. Мен бұл спортты жек көремін. Менің өмірімде бұл спорт енді ешқашан болмайды", –деді.

"Мен өмірімде ешқашан мұзға шықпаймын", - деп қайталады ол. - Бұл мүмкін емес. Олай болмайды!”, – деп жылады спортшы.

Марапаттау рәсіміне барар алдында спортшы қыз оған бірдеңе айтқысы келген Тутберидзеге: "Сен бәрін білдің. Сен бәрін білдің" деп жауап берді

Оның көз жасы қызғаныштан шыққан көз жасы емес. Шайқасып, құлап, көтеріліп, қайта құлап, берілмей, зымырандай ілгері ұшса да, бірінші бола алмағанының азабы. Ол мәнерлеп сырғанау тарихын қайта жазды, әйелдер арасындағы жалғыз феноменге айналды, бірақ Олимпиада алтынын жеңе алмады.
Осы Олимпиададағы ең көп талқыланған оқиғалардың бірі ресейлік Камила Валиеваның допинг сынамасындағы оң нәтиже. 15 жастағы спортшы небәрі бір аптаның ішінде сот, апелляциядан өтті. Кеше Валиева Бейжіңде еркін бағдарламада өнер көрсетіп, сонымен аяқтады.


"Құрметті ресейліктер, сіздерді құттықтаймын": Димаш Құдайберген допинг сынамасымен ұсталған спортшыны қолдады

Талқылау