Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл банкте жұмыс істеген емеспін: Жомарт Ертаев тұтқындалғаннан кейін мәлімдеме жасады

Мәскеуде үй қамауда отырған қазақстандық банкир Жомарт Ертаев өзіне қарсы тағылған айыптардың заңсыздығы туралы мәлімдеме жасады.

Мен бұл банкте жұмыс істеген емеспін: Жомарт Ертаев тұтқындалғаннан кейін мәлімдеме жасады

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ертаев ҚР ІІМ-нің өтініші бойынша 8 мамырда Мәскеуде ұсталды. Қазір ол Ресей астанасында үй қамауына алынды. Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдары оны елге қайтаруды қалап отыр. ІІМ-нің хабарлауынша, Bank RBK АҚ директорлар кеңесінің кеңесшісі болған Ертаев ЖШС атынан қайтармау мақсатында 80 млн долларға несие алған.

«Ресей мен Қазақстанның Қылмыстық кодексінде «лоббизм» сияқты қылмыс жоқ. Сонымен қатар, мен ешқашан Bank RBK АҚ-да жұмыс істемедім. Бұл ұйымның құрамына кірмедім, онда ешқандай жалақы алмадым, сондай-ақ ашық деректерді оңай тексере алатын банк акционерлерінің мүшесі емеспін. Сондықтан несие беру рәсіміне қандай да бір әсер етуім мүмкін емес. Сонымен қатар, менің қолымда осындай мүмкіндіктер болмағандықтан, ешқашан ешкімнің мүддесіне қатысты заң қабылдап, әрекет жасамадым»,-делінген Ертаевтың хабарламасында.

Банкир қазақстандық құқық қорғау органдарының оның интерполдың халықаралық іздеуінде болды деген ақпаратын жоққа шығарды.

«Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары 2018 жылдың 8 мамырында сағат 18: 00-де мені ұстау кезінде, менің Ресей аумағында іздестіру тізімінде бар екенім туралы ешқандай ақпарат алмаған. Себебі, «Интерпол» ҰҚО-да менің іздеуде жүргенім туралы ақпарат болған жоқ, – дейді Ертаев.

Ол соңғы үш жыл бойы Ресейде тұратынын және Қазақстан мен Ресей арасындағы «интеграцияның маңызды бөлігі болып табылатын» жоба бойынша жұмыс жасап жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Ертаев қазақстандық төлқұжаттан бас тартып, Ресей азаматтығына өтініш білдіргенін де растады.

Оқи отырыңыз:

Теміртауда болған атыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

Алматыда пәтер тонап, автокөлік ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

Шымкенттен сәлем: Қазақстандық студент футболдан 2018 жылғы әлем кубогында ерікті болмақ

Қоқыста тұрады: Астананың қақ ортасындағы саяжай тұрғындары өлекселер мен күл-қоқыстың ортасында күн кешуде

Талқылау