Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын. Түсіндіңіздер ме?": Қос азаматтығы бар деп айыпталған шымкенттік шенеунік полицейлерді сотқа берді

Қос азаматтығы бар деп айыпталған шымкенттік шенеунік полицейлерді сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

шенеунік

Шымкенттің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов өзіне тағылған айыпты негізсіз деп отыр. Айтуынша, құқық қорғау органдары оған жала жабуда. Бұған қоса, ол "бұл ақпаратты біреу әдейі менің абыройыма нұқсан келтіру үшін" таратты дейді. 

"БАҚ-та, интернетте таралып отырған ақпарат - барып тұрған қауесет. Мұны қаланың көркеюіне, халық пен спортшылардың дамуына балта шабу үшін біреулер әдейі таратып отыр. Мен - Қазақстан Республикасының азаматымын. Түсіндіңіздер ме?", -дейді шенеунік. 

Сонымен қатар, Почивалов полицейлерге қарсы прокуратураға шағым жолдаған. Қазіргі таңда шымкенттік шенеунікке Қазақстан азаматтығы қайтарылып беріліпті. Айтуынша, тәртіп сақшылары басқарма басшысының қос азматтығы жайлы құжатты өздері қолдан жасаған. 

"Мәскеуден ресми жауап келмей жатып, біздің полицейлер бір шешімге келіп қойған. Жауап 22 қаңтарда келуі қажет болған, алайда ішкі істер органдарының қызметкерлері ақпаратты 20 қаңтарда жариялады. Мен бұған қатысты қылмыстық іс қозғалатынына сенімдімін", - дейді Почиваловтың адвокаты Евгений Яворский. 

Еске салайық, бұған дейін шымкенттік шенеунік екі елдің азаматтығын алған деп айыпталған болатын. Осыған байланысты ол Қазақстанның азаматтығынан айырылған еді. 

Талқылау