Әртістерге мемлекеттік концерттер үшін төленетін ақша: Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеме жасады
Мәдениет және спорт министрлігі "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжат туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сайтта мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін отандық әртістердің ақшасы туралы ақпарат көрсетілді.
"Ашық НҚА" порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттеріне белсенді қатысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізу шығындарын ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ", – делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.
"Ашық НҚА" сайтында тиісті құжат жойылған.
Айта кету керек, осыған дейін мемлекеттік концерттерде өнер көрсеткені үшін отандық әртістерге берілетін гонорар жарияланды.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"