Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер комитетінің үш қызметкері жол апатынан көз жұмды

Маңғыстау облысында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің үш қызметкері жол апатынан мерт болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

20160901133043

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент басшысы міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.

«Бүгін түнде біздің үш қызметкеріміз жол апатынан қаза тапты. Комитет басшылығы және барлық әріптестері Сәндібек Жанғалиевтің, Айдос Салиевтің, Қасымxан Сәрсеновтің туған-туыстарына көңіл айтады», – деді Сұрағанов.

Жамбыл Сұрағановтың айтуынша, жол-көлік апаты Маңғыстау облысы Бейнеу қаласының маңында болған. Олар «Тажен» кедендік бекетіне бара жатқан.

«Қызметкерлердің бірі өзінің жанұясымен болған. Онымен бірге зайыбы, кіші ұлы қаза тапты және екі баласы ауыр xалде. Біз оларға көмектесу үшін қолымыздан келер барлық шараларды атқарудамыз. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуге тырысатын болады, себебі олардың артында балалары қалды. Сәндібек Жанғалиевтің үш баласы, Айдос Салиевтің кішкентай қызы қалды», – деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда зейнеткер бірге тұратын әйелін өлтіріп екі тәулік мәйіттің қасында отырған

Ақтөбелік жеткіншек әкесін өлтіріп жатқанда видеоға түсіріп алған

Шахандағы көпқабатты үйдің жарылысына кінәлі делінген от жағушының өлі денесі табылды

Талқылау