Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктер аталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктердің тізімін атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Парламент отырысында төрайым қазіргі таңда қаржылық тұрақтылық бағдарламасына алты банктің қатысқанын алға тартты.

“Бұл бағдарламаны 2017 жылы Ұлттық банк бекіткен. Кейін олар банктердің балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейін анықтады. Осы проблемалық несиелер бойынша провизия құру және аталған банктерді капиталсыздандыру мақсатында қаржылық тұрақтылық бағдарламасы қабылданды", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Ол Ұлттық Банктің реттелген облигациялар орналастырғанын, ал үштен бірін акционерлер қайта капиталдандыруы тиіс болғанын жеткізді.

"Бұл облигациялар қазір осы банктердің балансында сақталуда: “Еуразиялық банк”, “Банк ЦентрКредит”, “Нұрбанк”, “РБК Банк”, “АТФ Банк” және Jusan банкпен біріктірілген “Цесна банк”. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау қаражаты балансы “Казкоммерцбанкті” сатып алу бойынша жасалған мәмілеге байланысты Halyk Bank-те қалады”, – деп түсіндірді Әбілқасымова.

Талқылау