Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттен 8,5 млрд теңге бөлінген: Қазақстанда мыңнан астам орманшы сыйақыларын ала алмай жүр

Қазақстандағы мыңнан астам орманшы екі жылдан бері жалақы мен сыйақыларын ала алмай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: shutterstock

Бұл туралы мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев айтты. Депутат үкіметтің бұл қаржылық жүктемені жергілікті бюджетке тапсырғанын, алайда қаражаттың жетпей қалғанын айтады.

Орманшылар 2023 жылы жалақыларының 100 пайызы көлемінде үстемеақы алуы тиіс болған. Ал  2024 жылдың шілдесінен бастап олардың жалақысы екі есеге өсв жоспарланған болатын. Алайда бес облыста үкіметтің тапсырмасы орындалмаған.

"2023 жылы жалақының көтерілуінен үмітін үзген орманшылар биыл да осындай проблемаға тап болды. Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Қостанай және Жетісу облыстарында қаулы орындалмағаны хабарланды. Менің қолымда орманшылардың жазған арыздары бар", – деді Сәрсенғалиев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында.


Қазақстанда орманшылар ең төменгі жалақы алатындар қатарында – Экология министрі


Сондай-ақ, ол жалақыны көтеру туралы шешім 14 орманшы қаза тапқан Семей орманындағы өрттен кейін қабылданғанын еске салды. Жалақының аздығынан салада кадр тапшылығы байқалады. Мамандар мұндай жағдайда жұмыс істегісі келмейді.

Депутат үкіметтен кейбір орманшылардың неліктен сыйлықақы алмағанын, оған былтыр 8,5 миллиард теңге бөлінгенін, уәде етілген жалақының қашан көтерілетінін түсіндіруді талап етті.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық орманшылар осыған дейін 129 мың теңге жалақы алып келген. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев берген ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мыңнан 250 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Талқылау