"Мемлекет өз батырларын білуі керек": Ер азамат ұшақ апаты кезінде жүкті әйелді өз денесімен жапқан
Ұшақ апатынан аман қалған Гүлім Акишеваның отбасы лайнердің ішінде әйелді өзінің денесімен жауып, оның аман қалуына себепші болған, сонымен қатар эвакуциялау кезінде жүкті әйелге көмектескен Темірлан Қадауовқа алғысын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әйелдің Әсем Жапишева есімді туысы өзінің Facebook парақшасына жазба қалдырыпты.
Bek Air бортында Гүлім Акишева мен Темірлан Қадауов бірге орналасқан орындықтарға түсіпті. Гүлімнің туыстарының сөзінше, әйел 5 айлық балаға жүкті екен.
"Біздің Темірлан есімді батырымыз апат кезінде өзінің денесімен Гүлімді жауып, содан кейін оның аман-есен сыртқа шығуына көмектескен. Мұнымен қоймай ол басқа аман қалған жолаушыларды құтқарушылар келмей жатып дереу шығара бастаған. Темірлан жарақаттарына қарамастан, өзінің жігері мен батылдығын жоғалтпайтын нағыз ер азамат екендігін көрсетті. Біз Гүлімнің жақындары атынан Темірлан мен оны осылай тәрбиелеп өсірген ата-анасына шексіз алғысымызды айтамыз", - деп жазыпты Гүлімнің туыстары.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады