Мемлекет басшысының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев мемлекет басшысының жаңа баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен жаңа қызметке тағайындалғандар туралы Ақорда мәлімдеді.
“Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.
Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Нұрмұхамед Байғараев бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі