"Жер туралы кодекске түзетулер енгізуді тапсырамын" - Мемлекет басшысы
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Тоқаевтың сөзінше, биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады.
"Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс", - деді президент.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ