Мемлекет басшысы: Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажеттігін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар былтыр желтоқсан айында МЖӘ-нің жаңа моделін енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерге қол қойғанына тоқталды.
“Жекеменшік әріптестерді іріктеу процедурасының ашықтығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды. Квазимемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы шектелді. Сол арқылы мемлекеттік жобаларды іске асыруға тарту үшін жағдай жасалды. Бұл құрал жаңа ұлттық жобаларды іске асыру кезінде барынша қолданылуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік салада МЖӘ-нің кешенді бағдарламасын дайындауды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады