Тоқаев Әлиевті Қарабақтағы жеңісімен құттықтады
Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды және Түркия халқын 100 жылдық мерейтойымен, ал Әзірбайжан президенті мен халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: aqorda_resmi
"Бауырым Режеп Тайып Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарға Түркияның 100 жылдық мерейтойы құтты болсын дегім келеді. Анадолының ғасырлық шежіресі биік белеске, зор жетістікке толы. Ұлы тұлғаларының арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар қуатты мемлекетке айналды”, – деді президент.
Сондай-ақ Тоқаев Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевті ел іргесін бекемдеуімен құттықтады.
“Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам БҰҰ-ның жарғысына және қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты", – деді Тоқаев Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиттінде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар