Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың мәліментінше президенттің жұмыс сапары зиярат етуден басталған.
“Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды”, – делінген хабарламада.
Америкалықтар қарсы шыққан ірі ЖИ-хаб Екібастұзда салынғалы жатыр: Экология жанашырлары неге алаңдаулы
Қазақстанда салынатын осыған ұқсас жобалардан АҚШ-та халық бас тартқан
"Өте талапшыл әке еді": Денесі өртенген күйде табылған полицейдің әріптесі оның қандай адам болғанын айтып берді
Әріптесінің айтуынша, марқұмды ешқашан ашушаң не ақыл-есі тұрақсыз адам ретінде көрмеген