Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді тапсырды
Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуді тапсырып, кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент адал азамат пен тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасатындықтан жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету керек екенін алға тартты.
"Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе.
Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек”, – деді Тоқаев.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі