Мектепте жаңа жыл ұйымдастырыла ма: Министрлік жауап берді
ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында мектепте жаңа жыл кешін ұйымдастыруға қатысты айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кезекші сыныптарға барып жүрген оқушыларға мектепте жаңа жылдық шара ұйымдастырылмайды", - деп қысқа кесті Есмағамбетова.
Сонымен қатар, Есмағамбетова қазіргі таңда мектеп мұғалімдері арасында қанша маман коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат берді.
"Жыл басынан бастап мектеп қызметкерлері арасында 241 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды", - деп қосты ол.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды